Қазақстандық жігіт Ресейде есірткі тасымалдағаны үшін 16 жылға сотталды

Фото: pexels
Қазақстан азаматы Ресейде Тайландтан төрт келіден астам есірткіні контрабандалық жолмен тасып, оны сатуға әрекет жасағаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 17 қыркүйекте "ТАСС" агенттігінің мәліметінше, 23 жастағы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесіне қатысты айыптау үкімін Саратов облыстық соты шығарған.

"Оған 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 500 мың рубль (шамамен 2,7 млн теңге) көлемінде айыппұл салу түріндегі түпкілікті жаза тағайындалды. Сотталған азамат жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді", – делінген хабарламада.

Сот мәліметінше, тез ақша тапқысы келген қазақстандық жігіт халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топқа кіріп, "әуе курьері" болуға келіскен. Ақпанда ол Тайландқа ұшып барып, ішінде төрт келі есірткі бар чемоданды алып кеткен. Наурызда есірткі курьері Бангкок-Мәскеу-Саратов бағыты бойынша ЕАЭО-ның кеден шекарасынан кедергісіз өткен. Ол Саратов облысының Энгельс ауданында жеке үй жалдап, тыйым салынған заттарды кейін жасырын орындар арқылы сату үшін бөліп ораған.

Алайда ер адам жоспарын соңына дейін жеткізе алмады: 14 сәуірде оны Ресей полициясы ұстаған. Сот Қазақстан азаматын ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасын жасағаны және оны сатуға оқталғаны үшін кінәлі деп таныды.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді