Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты

Сурет: pexels
Дания тұрғыны үйінің ауласынан елдегі викингтер дәуіріне тиесілі ірі күміс қазынаны кездейсоқ тауып алды. Олжа Ютландияның солтүстігінде жаңа терраса салуға арналған аумақты дайындау кезінде табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox News басылымының жазуынша, бастапқыда ер адам тапқан заттарын ескі металл мен қыш сынықтары деп ойлаған. Алайда жерді қолымен қазуды жалғастыра бергенде, ол әшекейлер, тиындар мен күміс құймаларды тапқан. Кейін мамандар қазынаның шамамен X ғасырға тиесілі екенін анықтады. Оның құрамында 700-ге жуық зат пен олардың сынықтары бар.

Табылған қазынаның жалпы салмағы 18 келіден асады. Артефактілердің арасында күміс білезіктер, тиындар, құймалар, кесілген күміс бөліктері және Тор құдайының шағын балғасы бар. Кейбір құймаларда руна жазулары, Тор балғасының бейнелері мен христиан кресттері сақталған.

Археологтардың пікірінше, бұл қазына жоғары әлеуметтік мәртебеге ие, өте ауқатты адамға тиесілі болған. Мұндай қазыналарды тұрақсыз кезеңдерде байлықты сақтау үшін жерге көміп тастауы мүмкін. Алайда қазына иесінің күмісті нақты не себепті жасырғаны және кейін оның артынан неге қайтып келмегені белгісіз.

Бұл олжа Даниядағы викингтер дәуіріне тиесілі ең ірі күміс қазына болып отыр және бұған дейінгі рекордтан шамамен үш есе асып түсті.

Бұған дейін дәл осы аймақта археологтар алты алтын білезік тапқан болатын. Мамандардың пікірінше, жаңа олжалар бұл өңірдің викингтер дәуіріндегі Данияның экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарғанын көрсетеді.

Заң бойынша қазына мемлекет меншігіне өтеді. Алайда оны тапқан адамға сыйақы беріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады