Австралияда ер адам үш жыл бойы үйінде 17 келілік метеоритті сақтап келген

Сурет: pexels
Австралия тұрғыны ішінде алтын бар деп ойлап, салмағы 17 келі болатын тасты үш жыл бойы үйінде сақтаған. Кейін оның ежелгі метеорит екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Daily Galaxy басылымының мәліметінше, тәжірибелі алтын іздеуші Дэвид Хоул Австралиядағы Мэриборо аймақтық саябағында зерттеу жүргізген.

Мэриборо – Виктория штатындағы XIX ғасырдағы "алтын дүрбелеңі" басталған аймақтың дәл ортасында орналасқан аумақ. Соңғы бір жарым ғасырда мұнда алтын іздеушілер мыңдаған алтын түйіршігін тапқан.

Бір кезде металл іздегіш құрылғы қатты дыбыс шығара бастайды. Дэвид Хоул жерден беті қызғылт түсті, ойықтар мен шұңқырларға толы ауыр тасты қазып алған. Ол тастың ішінде бағалы бір нәрсе болуы мүмкін деп ойлаған.

Үйіне келген соң Дэвид Хоул тасты жарып көруге тырысқан. Ол үшін ара, тегістегіш құрылғы, бұрғы және балға қолданғанымен, тас жібімеген. Ақырында ер адам оны жаруға әрекет жасауды тоқтатып, үйінде сақтай берген.

Арада үш жыл өткен соң ол тасты Мельбурн музейіне апарған. Сол жерде мамандар оның ежелгі метеорит екенін анықтады.

Сарапшылар жүргізген зерттеу барысында оның ішінен хондрулар деп аталатын ұсақ, шар тәрізді минералды түйіршіктер табылды. Олар ерте Күн жүйесіндегі протопланеталық дискідегі шаңның микрогравитация жағдайында тез қызуы және кейін қайта суынуы нәтижесінде пайда болады. Мұндай құрылымдар Жерде пайда болған тау жыныстарында кездеспейді.

Минералогиялық талдау нәтижесінде метеориттің құрамынан камасит пен тэнит – метеориттерде жиі кездесетін темір-никель қорытпалары, сондай-ақ аз мөлшерде табиғи мыс анықталды. Дәл осы металдар Хоулдың металл іздегіш құрылғысының іске қосылуына себеп болған.

Мамандардың айтуынша, бұл метеорит шамамен 4,6 миллиард жыл бұрын пайда болған. Ал оның Жерге шамамен 100-ден 1000 жыл бұрын түсуі мүмкін деген болжам бар.

Қазір метеорит музейде көпшілік назарына ұсынылған.

Бұған дейін Дания тұрғыны үйінің ауласынан ел аумағында бұрын-соңды табылған ең ірі викингтер дәуірінің күміс көмбесін кездейсоқ тапқаны хабарланған еді. Құнды жәдігер Солтүстік Ютландияда жаңа терраса төсеуге дайындық жұмыстары кезінде табылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды