223 млн 280 мың теңге: Ер адам 18 жыл бойы интернеттегі "сүйіктісіне" ақша аударып келген

Фото: pexels
Жаңа Зеландия тұрғыны 18 жыл бойы өзін Австралия полициясының қызметкері ретінде таныстырған алаяқ әйелмен интернет арқылы сөйлесіп, оған 500 мың доллардан астам, яғни 223 млн 280 мың теңге аударған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru мәліметінше, олар 2006 жылы интернет арқылы танысқан.

Әйел өзін Австралиядан келген Эми Скайерс деп таныстырып, полицияда қызмет ететінін айтқан. Өзінің кім екенін растау үшін ол спорттық модельдің суреттерін жіберіп, оларды өз фотосуреттері ретінде көрсеткен.

Шын мәнінде, әйел анасы екеуі Оклендте тұрған, жұмыс істемеген және тұрғын үй ақысына ақша төлемеген. 18 жыл бойы ол ер адамнан жалдау ақысына, билетке, жанармайға, емделуге және оның "сүйіктісі" тұратын Данидин қаласына көшуге ақша сұрап отырған. Алаяқ тіпті оған сапарға және заттарды тасымалдауға қатысты жалған құжаттар да жіберген.

2006-2024 жылдар аралығында ер адам жалпы сомасы шамамен 500 мың доллар болатын 1149 аударым жасаған. Әйел ақшаны негізінен азық-түлікке, түрлі сатып алуларға және өзінің қарыздарын өтеуге жұмсаған.

Алаяқтық тек 2024 жылы, ер адамның денсаулығы нашарлап, оның қаржысын қызы басқара бастаған кезде тоқтаған. Нәтижесінде айыпталушы әйел қарым-қатынастары мен бірге көшу туралы әңгіменің барлығы ақша алу үшін ойдан шығарылғанын мойындаған.

Сот әйелді қамауға алмай, кепілмен бостандықта қалдырды.

Прокуратура жәбірленушінің ақшасын қайтаруды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Павлодар қаласының қырағы такси жүргізушісі зейнеткер әйелдің 6 млн теңге жинағын сақтап қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды