Миллиондаған оқырманы бар ару жұмбақ жағдайда көз жұмды

Сурет: instagram/nidhitiwari
Үндістанда 30 жастағы блогер әрі бұрынғы сұлулық байқауының жеңімпазы Нидхи Тивари жұмбақ жағдайда көз жұмды. Әлеуметтік желіде оның 1,6 миллионнан астам оқырманы болған. Оның денесі әлеуметтік желідегі тосын жазбадан кейін өз үйінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Need To Know басылымының мәліметінше, оқиға Мадхья-Прадеш штатындағы Синграули қаласында болған. "Miss Pretty India 2024" сұлулық байқауының жеңімпазы Нидхи Тивари анасымен және әпкесімен бірге тұрған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында би билеген видеолары мен күнделікті өмірінен үзінділерін тұрақты түрде жариялап отырған.

Қайғылы оқиғадан бірнеше сағат бұрын қыз Facebook парақшасында өзін сүю және жалғыздық туралы эмоционалды жазба жариялаған.

"Ешкім бұл толық емес жүректі толтыра алмады, сондықтан оны өзім толтырдым. Сол себепті біреуді емес, өзіңді жақсы көру керек дейді. Өзіңді өзіңнен ізде. Өйткені өзіңді өзгелерден тағы қанша уақыт іздейсің?" – деп жазды блогер.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиғаның алдында, кешкі сағат 20:00 шамасында, қыздың анасы Нидхидің біреумен телефон арқылы қызу сөйлесіп жатқанын естіген. Әңгімеден кейін блогер бөлмесіне кіріп, есігін ішінен жауып алған. Ол кешкі ас ішуден бас тартып, туыстарынан мазаламауды сұраған.

Келесі күні таңертең қыз бөлмесінен шықпаған және есік қаққандарына жауап бермеген. Алаңдаған туыстары полиция шақырған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары есікті бұзып кіріп, қыздың қайтыс болғанын анықтады.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ тергеушілер марқұмның ұялы телефонындағы қоңыраулар мен хат алмасуларды зерттейді.

Бұған дейін "Әлем аруы" байқауына қатысушы сахнадан құлап, жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін