Францияда жаппай наразылықтарға байланысты 500-ге жуық мектеп жабылады

Сурет: pexels
Францияның білім министрі Эдуар Жеффре 5 қазанда елде жалғасып жатқан наразылықтарға байланысты 500-ге жуық мектептің толық немесе ішінара жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзін Turkiye Today басылымы жазды. Оның айтуынша, қажетті қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілмеген білім беру ұйымдарында сабақтар уақытша тоқтатылады. Наразылықтар басталғалы бері 24 мектеп қираған немесе өртелген.

Наразылықтар 17 қыркүйекте Париждегі мектептердің бірінде басталып, кейін бүкіл елге тарады. Оқушылар, атап айтқанда, мұғалімдердің жетіспеушілігіне, оқу күнінің ұзақтығына және мектеп инфрақұрылымының нашар жағдайына наразылық білдіруде.

Франция Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, дүйсенбіден бері 5 мыңнан астам адам ұсталған, олардың басым бөлігі – жасөспірімдер. Тек жұма күні полиция 1747 адамды ұстаған, ал наразылықтар 735 мектепті қамтыған.

Тәртіпсіздіктер кезінде білім беру жүйесінің кемінде 78 қызметкері және 600-ден астам полиция қызметкері зардап шекті. Ұйымдастырушылар наразылық акцияларын сейсенбі күні де жалғастыруға шақырды.

Бұған дейін француз жоғары сынып оқушыларының бүкіл ел бойынша тәртіпсіздік ұйымдастырғаны хабарланған. Олар оқу үдерісіне наразылық білдіріп, сабақтарды тоқтатып, өрт қою әрекеттеріне барған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін