Орманнан шашы тақырлап алынған қыздың мәйіті табылды

Фото: unsplash
Ресейдің Владимир облысында 21 жастағы қыздың мәйіті табылды. Құқық қорғау органдары оны өлтірді деген күдікпен бір отбасының мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газета.ru" басылымының жазуынша, Ресей Тергеу комитетінің өңірлік басқармасы оқиғаның Судогда қаласында болғанын хабарлаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, марқұм 20 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне қонаққа барған. Олар бірге алкогольдік ішімдік ішкен.

Кенет қызғаныштан үй иесі қонағына қол жұмсай бастаған. Біраз уақыттан кейін оған сүйіктісі, 17 жастағы сіңлісі мен анасы қосылып, қызды ұрып-соққан. Оны ағаш жәшікпен және орындықпен соққыға жыққан. Сондай-ақ белгісіз себеппен қыздың шашын тақырлап алып тастаған.

Соққы салдарынан қыз көз жұмған.

Мұны түсінген отбасы мүшелері марқұмның денесін орманға апарып, тастап кеткен. Қылмыстың ізін жасыру үшін мәйітті өртеп жіберуге тырысқан. Алайда өрттің түтіні өтіп бара жатқан адамдардың назарын аударуы мүмкін болғандықтан, отты сөндірген.

Мәйітті орманда қалдырған күдіктілер қыздың заттарын сатып, басқа өңірге кеткен. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін