PEOPLE басылымының жазуынша, Герберт Юджин Хол 100 жылдық мерейтойын үлкен отбасының ортасында атап өткен. Оның балалық шағы Ұлы депрессия кезеңіне тұспа-тұс келген. Ал 1944 жылы 17 жасында үш ағасының жолын қуып, өз еркімен әскери-теңіз күштеріне қызметке кеткен.
Ардагердің немересі Элиз Томсон-Холдың айтуынша, ол Тынық мұхитындағы әскери-теңіз күштері құрамында ұрыс қимылдарына қатысқан.
Ғасырлық ғұмырына көз жүгірткен америкалық ұзақ өмір сүруге көмектескен басты өмірлік қағидаларымен бөлісті.
"Өткенге көз жүгіртіп, қателіктеріңізді мойындап, олардан сабақ алыңыз. Сонда жақсы адам бола түсесіз", – деді Герберт Юджин Хол ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісіп.
Ұзақ ғұмырында Хол төрт бала тәрбиелеп өсірген. Олардың барлығы жоғары білім алып, кәсіби салаларында табысқа жеткен.
Сонымен қатар ардагердің әйгілі Hall & Oates поп-дуэтінің мүшесі, танымал музыкант Дэрил Холлдың туған ағасы екені анықталды.
Дональд Трамп пен Джо Байденнен келген хаттардан бөлек, мерейтой иесіне Пенсильвания штатының билігі де арнайы сертификаттар табыстаған.