Pulse.ng басылымының жазуынша, тосын оқиға Дельта штатында, Эвврени елді мекенінің маңында болған. Мотоцикл қатысқан жол апатынан кейін ер адам қайтыс болды деп есептеліп, мәйітханаға жеткізілген.
Алайда біраз уақыттан кейін оның тіршілік белгілері байқалған.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода аман қалған ер адамның денесіне дәстүр бойынша марқұмдарға жағылатын ақ ұнтақ себілгені көрінеді. Жергілікті тұрғындар оның аман қалғанына қатты қуанып, бір-біріне тәттілер таратып, мерекелеген. Ал видеоның сыртындағы дауыстардан ер адамның от тұтатып беруін сұрағанын естуге болады.
"Осы оқиғадан кейін оған медициналық тексеруден өту қажет", – деді жергілікті тұрғындардың бірі видеода.
Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі мұны ғажайып жағдай деп бағаласа, енді бірі елдегі медицина қызметінің сапасына алаңдаушылық білдіріп, мұндай қателіктің алдын алуға болатынын жазған.