Қашқын қылмыскер полицейлерден көмек сұрап, өзі түрмеге түсті

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 09:39 Фото: pexels
АҚШ-та заңнан жасырынып жүрген ер адам жол бойында полицейлерге өзі келіп, көлікпен жеткізіп салуды сұраған. Құқық қорғау органдары оның өтінішін қуана орындап, алайда бірден түрмеге апарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

PEOPLE басылымының жазуынша, оқиға Нэшвилл қаласында болған. 53 жастағы Джон Джексон жолда басқа көлікті тексеріп тұрған қалалық полиция қызметкерлеріне өзі жақындаған.

"Полиция қызметкерлері оның жеке деректерін тексеріп, Кентукки штатында оған қатысты қамауға алу туралы ордер берілгенін анықтады", – делінген материалда.

Полицейлер жедел бөлім арқылы ордердің бар екенін растағаннан кейін ер адамды ұстап, Дэвидсон округіндегі түзеу мекемесіне жеткізген.

Сот оған 75 мың доллар (шамамен 33 миллион теңге) кепіл белгіледі. Осыдан кейін ер адамды Джефферсон округіне экстрадициялау жоспарланып отыр. Құқық қорғау органдары оны сот отырысына жеткізбек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: