Үндістанда алтын жүзік белгісіз мәйіттің кім екенін анықтауға көмектесті

Сурет: pexels
Үндістан полициясы бос тұрған пойыз вагонынан табылған 54 жастағы әйелдің қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты қылмысты ашты. Марқұмның кім екенін алтын жүзігі арқылы анықтаған. Күдікті алты сағат ішінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

NDTV басылымының жазуынша, қылмыс Каньякумари ауданындағы Нагеркойл теміржол депосында түн ортасында болған. Басқа пойыздың құрамына қосуға дайындалып жатқан пайдаланылмайтын вагонды тазалау кезінде әйелдің мәйіті табылған.

Марқұмның жеке басын бірден анықтау мүмкін болмаған. Сондықтан полицейлер оның саусағындағы сынамасы көрсетілген жылан пішінді алтын жүзікті зерттеген.

"Жүзіктегі сынама белгісі арқылы тергеушілер Гуджарат штатындағы өндірушіні анықтаған. Ол әшекейді Чхаттисгарх штатындағы Райпур қаласына жеткізген. Сатып алушының мәліметтері бойынша, полицейлер Мадхья-Прадеш штатындағы әйелдің мекенжайын тауып, туыстарымен байланысқан. Сөйтіп, оның үш ай бұрын жоғалып кеткені анықталды. Қазір күйеуі мен балалары Каньякумариге бара жатыр", – делінген хабарламада.

Тергеу алты сағатқа созылған. Жедел уәкілдер вокзалдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, вагоннан шығып бара жатқан ақ киімді ер адамды байқап, күдіктіні ұстаған.

Тергеу мәліметінше, күдікті – вокзал перронында жиі жүретін үйсіз адам. Ол бұған дейін марқұм әйелмен де кездескен. Полицияның болжамынша, ер адам әйелді бос вагонға алдап кіргізіп, зорлаған және қол-аяғымен кеуде тұсынан бірнеше рет ұрған. Қылмыс кезінде ешқандай қару қолданбаған.

Алған жарақаттарынан әйел көз жұмған. Оқиғадан кейін күдікті қанға боялған жейдесін арыққа лақтырып жіберген. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Алдын ала тексеру нәтижесінде оның қабырғалары сынғаны анықталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды