Ресейде дүкеннен тауар ұрламақ болған ағалы-қарындас дүкен иесіне пышақпен қоқан-лоқы көрсетті

Фото: pxhere
Ресейдің Ставрополь өлкесінде 39 жастағы ағалы-қарындас супермаркеттен тауар ұрламақ болған. Оларға ескерту жасалған соң, дүкен иесін өлтіреміз деп қорқытқан. Күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Рен ТВ" телеарнасының сайты жазғандай, оқиға туралы 2026 жылғы 22 қарашада өңірлік Ішкі істер басқармасы мәлімдеген.

"Әйел екі келушінің тауарларды ұрламақ болғанын, ал оларға ескерту жасағаннан кейін өзіне қоқан-лоқы көрсеткенін хабарлады", – делінген құқық қорғау органдарының мәлімдемесінде.

Полицияның нақтылауынша, алдымен ер адам дүкен директорын жұдырықпен екі рет ұруға әрекет жасаған. Кейін асүй пышағын алып, әйелдің алдында сілтей бастаған. Артынша оның әпкесі де пышақ алып, жәбірленушіні қорқытқан.

Полицейлер екі күдіктіні де жедел ұстады. Оларға кісі өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп қорқыту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та 16 жастағы жасөспірім егіз бауырын өлтірді деп айыпталған еді. Оған ересек адам ретінде сот үкімі шығарылуы мүмкін. Алайда анасы оқтың абайсызда атылғанын айтады.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті