Шенеунік ересектерге арналған фильмдерге түскені үшін қызметінен айырылды

Сурет: pexels
Швецияның Йоккмокк муниципалитеті әкімшілігінің басшысы Ларс Эрикссон порнографиялық фильмдер түсіруге қатысқаны туралы журналистік зерттеуден кейін сынға ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

SVT басылымының мәліметінше, Ларс Эрикссон 2018 жылдан бастап Ханс деген бүркеншік атпен порнофильмдерге түсіп, оларды өндіруге қатысқан. Оның 2025 және 2026 жылдары, яғни муниципалитет әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып жүрген кезінде де екі фильмінің жарыққа шыққаны көпшілікті таңғалдырды. Соңғы фильмде шенеуніктің өзі де кадрға түскен.

Журналистік зерттеу жарияланғаннан кейін муниципалитет басшылығы онымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы шешім қабылдады. Муниципалитет басшысы Роланд Боман бұл шешімді қауіпсіздік мәселелерімен түсіндірді. Оның айтуынша, мұндай жоғары лауазымды тұлға бопсалауға осал болмауы керек.

Ал Эрикссон соңғы рет 2022 жылы, муниципалитетке қызметке тағайындалмай тұрып жұмыс істегенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол фильмдердің жарыққа шығу мерзіміне ықпал етпегенін және оларды жарнамалаған аккаунтты басқармағанын айтты.

Бір қызығы, шенеунікпен еңбек қатынастары мерзімінен бұрын тоқтатылғанына байланысты оған өтемақы төленеді. Оның келісімшарты 2028 жылғы ақпанда аяқталуы тиіс болған. Өтемақы жеті айлық жалақыны құрайды. Бұл – 594 104 швед кроны немесе шамамен 26,3 млн теңге.

Айта кетейік, бұған дейін Nvidia компаниясына Дженсен Хуанг қайта оралғаны хабарланған еді. Ол президент және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін де қайта атқарады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды

Алматы әкімі Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады