The Daily Galaxy басылымының жазуынша, жәдігерлер 2024 жылғы қарашада жүргізілген аэрофототүсірілім нәтижесінде анықталған. Мамандардың бағалауынша, жүк біздің заманымыздың 20-50 жылдары аралығында көл түбіне батқан. Заттар империяның солтүстік шекарасында орналасқан римдік сарбаздарға арналған болуы мүмкін. Табылған дүниелердің жақсы сақталуы мен алуан түрлілігі олжаның құндылығын арттырып отыр.
Археологтар жүздеген керамикалық ыдыс, қынына салынған рим семсерін, Испаниядан жеткізілген зәйтүн майы құйылған амфораларды және ішінде алты ыдысы бар өрілген себетті тапты.
Кейбір заттар тасымалдау үшін қалай орналастырылса, сол күйінде сақталған. Алайда жәдігерлердің ақшалай құны әзірге анықталған жоқ.
Кемені табу мүмкін болмады. Заттар 2025 және 2026 жылдардағы экспедициялар кезінде судан шығарылған. Қазір жәдігерлерді консервациялау және зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2027 жылы Латениум археологиялық музейінде барлық затты көрмеге қою жоспарланған.