Төрт әріптің артында 400 жылдық құпия жасырынған: зерттеушілер суға батқан кемеден табылған құлыпты ашты

Сурет: magnific
Уэльс жағалауында зерттеушілер төрт ғасырдан астам уақыт бойы құм астында жатқан жезден жасалған кодты құлыпты ашты. Мамандарға оны ашу үшін кілт қажет болмаған. Олар механизмнің құпиясын компьютерлік томография көмегімен анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox News басылымының мәліметінше, құлып 1583 жылғы 28 желтоқсанда Маргам жағалауында дауыл салдарынан суға батқан испандық Ann Francis кемесінің қалдықтары арасынан табылған. 1996–2017 жылдар аралығында қазына іздеуші Питер Хьюз осы аумақтан көне құрылғыны қоса алғанда, түрлі жәдігерлерді алып шыққан.

Уэльс музейі мен Кардифф университетінің зерттеушілері құлыптың ішкі механизмін микрокомпьютерлік томография арқылы зерттеген. Жасалған үшөлшемді модельдің көмегімен төрт әріптен тұратын ANCE комбинациясын анықтаған. Кейін мамандар осы кодты тексеріп, құлыпты ашқан.

Ғалымдардың пікірінше, құрылғы бағалы заттар сақталған шағын сандықты құлыптауға арналған болуы мүмкін. Оның жанынан испандық күміс тиындар, Фердинанд пен Изабелла билік құрған кезеңдегі сирек алтын монеталар және басқа да бұйымдар табылған.

ANCE комбинациясының нақты мағынасы және құлып иесінің бұл әріптерді неліктен таңдағаны әзірге белгісіз. Зерттеушілердің пайымдауынша, құлып монеталармен қатар, бүгінгі күнге дейін сақталмаған құжаттар немесе маталар салынған сандықты қорғау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Бұған дейін археологтар Әзербайжандағы жұмбақ кешенді анықтағаны хабарланған еді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Қазақстанға циклон жақындап келеді: 26 қарашада қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды