РФ Қорғаныс министрлігі Украинадағы шығындары жайлы мәліметпен алғаш рет бөлісті

Сурет: РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызм
РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Ресей азаматтарының әскери борышын өтеу кезінде 498-і қаза тапқанын хабарлады, тағы 1 597 адам түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

РФ Қорғаныс министрілігі хабарлағандай, Украина тарапынан 2 870-тен астам адам опат болды, тағы 3,7 мыңы жараланды.

Қатардағы сарбаздар да, оқу оқып жатқан курсанттар да арнайы операцияға қатыстырылмағанын тағы да атап өткіміз келеді. РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ресей әскери күштерінің есебіне сәйкес, арнайы операция кезінде Украина әскери инфрақұрылымының 1 533 нысанының, 13 ұшақ пен 47 ұшақсыз ұшу аппаратының көзі жойылды. Ресей Қарулы Күштерінің қолдауымен ЛХР әскерлері тағы бес елдімекенді, ДХР — тағы төрт елдімекенді өз бақылауына алды.

Бұған дейін Беларусь еліне украин тарапымен келіссөздер жүргізу үшін Ресейден делегация келгені хабарланған болатын. Кездесу 3 наурызда өтеді деп күтіледі .

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады