Аталған рәсімге ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен қазақстандық делегация қатысты.
Ойындардың бейресми командалық есебінде Қазақстан құрамасы Ресей мен Өзбекстан елдерінен кейін ІІІ-орынға орнықты.
Қазақстан командасы Жамбыл облысында «Артиллериядан оқ ату шеберлері» байқауында минаатқыш есептоптары жеңіске жетті, Қарағанды облысында «Тактикалық мерген» байқауына қатысқан әскери қызметшілер бірінші орын алды, Ақмола облысының «Меридиан» сайысында кәсіби шеберлігін көрсеткен әскери топографтар, сондай-ақ Арменияда «Бейбітшілік жауынгері» сайысында жауынгерлер үздік нәтиже көрсетті. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Әскери теңізшілер лайықты сайыс түрін көрсетіп, Әзербайжандағы «Теңіз кубогының» күміс жүлдесін алды.
Кабардино-Балкариядағы «Эльбрус шеңбері» байқауында қазақстандық әскери альпинистер бірқатар күрделі тапсырмаларды орындап, тартысты жарыста Ресей, Өзбекстан және Қытай қарсыластарына жол беріп, төртінші орынға ие болды.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
«Танк биатлонының» ақтық сынына бір қадам қалғанда қазақстандық танкистер жартылай финалдық эстафетада қытай әскери қызметшілеріне жол берді.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
VIII Халықаралық армия ойындары 12 елдің 30 полигонында өтті. «АрХО-2022» бағдарламасына далалық, әуедегі және теңіздегі жауынгерлік машықты көрсетуден 34 байқау кіргенін айта кеткен жөн.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық әскери қызметшілер жеті байқауда бағын сынады, олардың үшеуі ел аумағында өткізілді.