Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әскери доктринасына өзгеріс енгізді

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Өзгерістер негізінен доктринаның негізгі тұжырымдамаларын қамтыды. Одан бөлек әскерлердің жауынгерлік әлеуеті, кибершабуылдар және әскери өзара әрекеттесу бағыттары да өзгеріске ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 жарлыққа енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды.

Өзгерістерде "әлемде жаппай қырып-жою қаруларының көлемін ұлғайту, сондай-ақ жаңа физикалық қағидаттарға негізделген жаппай ықпал ету қаруларын жасау" Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін делінген.

Бұдан бөлек кибершабуылдардың мемлекеттің әскери ұйымының ақпараттық жүйелеріне, мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыру, оның әскери және әскери-экономикалық әлеуетін төмендету мақсатында елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне әсеріне де жаңа құжатта басымдық беріледі.

Сондай-ақ доктринаға енгізілетін өзгерістерде стратегиялық бағыттарда әскерлердің (күштердің), қару-жарақтың, әскери техниканың және материалдық қорлардың қажетті жиынтығын құру есебінен мемлекеттің әскери ұйымының құрлықтағы, әуедегі және әскери-теңіз құрамдас бөлігінің жауынгерлік әлеуетін ұлғайту туралы да айтылады.

Сондай-ақ, Қарулы күштер саласында ақпараттық-психологиялық және кибер әсерлерге қарсы тұру үшін бөлімшелер құрылатын болады.

Әскерлердің ұтқырлығын арттыру және әскери қауіпсіздіктің қазіргі заманғы қатерлеріне ден қою үшін ҚР Ұлттық ұланының құрылымын жетілдіру, құрамын күшейту және инфрақұрылымын дамыту жөнінде шаралар дәйекті және жоспарлы түрде жүргізілуде.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды