Бірқатар БАҚ-тағы соңғы жарияланымдарға байланысты, сондай-ақ салалық сарапшылар қауымдастығы мен журналистердің аграрлық сектордағы субсидиялар тақырыбын талқылауы аясында «Транстелеком» компаниясы Qoldau веб-порталы арқылы Қазақстан аграрийлері бүгінде мал шаруашылығын қамтымайтын 16 бағыт бойынша субсидиялар алатынын (тізбе төменде келтірілген) түсіндіргісі келеді.
Мал шаруашылығы саласын субсидиялау Plem.kz сервисі арқылы жүзеге асырылады, және «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызмет көрсетуші болып табылады. Біз бұл мәселені нақтылауды маңызды деп санаймыз, себебі ақпараттың дұрыс болмауына байланысты аудитория агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау тақырыбы бойынша қате ойда. Qoldau сервисіне қол жеткізу бойынша ақпараттық қызметтерді заңды тұлғалардың консорциумы ұсынады. Олар «Транстелеком» АҚ, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ және «ҚЖАО» ЖШС. «Qoldau.kz» веб-порталын әзірлеуге, қолдануға, техникалық қызмет көрсетуге және техникалық қолдауға ешқашан бюджет қаражаты тартылмаған және тартылмайды.
Субсидияларды алу күнтізбелік жыл ішінде емес, өтінім берілген күннен бастап 12 ай ішінде жүзеге асырылады. Субсидиялау процесі автоматтандырылған, бұл сыбайлас жемқорлықтың болу мүмкіндігін толығымен жояды. Биылдың өзінде 32 932 абонент тіркелді.
2018 жылы субсидиялаудың 3 бағыты іске қосылды, қызмет барлық пайдаланушыларға тегін көрсетілді. 2019 жылы Qoldau арқылы 15 бағыт субсидияланды, бұл есептеу ресурстарына, деректерді қабылдауға, өңдеуге және сақтауға, бағдарламашылардың еңбекақысына және т.б. ақшалай шығындарды арттыруды талап етті. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «Атамекен» АЭС-імен келісе отырып, Qoldau бойынша субсидия алушылар үшін төлем жасау туралы шешім қабылданды.
2021 жылы «Қолдау» арқылы көрсетілетін агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтердің тізбесі:
1. Тыңайтқыштар құнын субсидиялау
2. Басым дақылдарды субсидиялау
3. Пестицидтердің құнын субсидиялау
4. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау
5. Көпжылдық екпелерді субсидиялау
6. Тексеру одақтарының шығындарын субсидиялау
7. Акваөсуді субсидиялау
8. Қайта өңдеу кәсіпорындарын субсидиялау
9. Сумен жабдықтау қызметтерін субсидиялау
10. Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау
11. Кепілдендіру мен сақтандыруды субсидиялау
12. Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру
13. МҚҰ операциялық шығыстарын субсидиялау
14. Инвестициялық субсидиялар
15. Қаржылық сауықтыру
16. Купондық сыйақыны субсидиялау
2021 жылдың қыркүйегінде «Транстелеком» АҚ және «ҚЖАО» ЖШС «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне МЖӘ шартының мерзімі аяқталғаннан кейін ақпараттық сервисті мемлекет балансына бере отырып, 5 жыл мерзімге МЖӘ шартының шеңберінде ақпараттық жүйеге қолжетімділік бойынша қызметтер ұсынуды ұсынды. Өтініш қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен қаралуда.