Алматы облысында "Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры" тақырыбында отырыс өтті

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
14 маусымда "Алматы облысының дін істері басқармасы" ММ, "Дін саласыңдағы мәселелерді зерттеу орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Есік қаласында облыстық діни бірлестік жетекшілерімен "Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры" тақырыбында "Open Air" форматында клуб отырысы өтті.

Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенім мен дін ұстанушылары арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту; түрлі конфессиялардың ұстанушылары арасында дінаралық диалогты, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту; әлеуметтік қызмет, бейбітшілік саласында тәжірибе алмасу мақсатында түрлі діни қайраткерлер арасында тығыз байланыс орнатуға ықпал ету; діни экстермизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау; қоғамның бірлігі мен татулықты нығайту мақсатында конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогті дамыту жолдары. Діни бірлестіктер жетекшілері клубының жұмысына облыс аумағындаға ҚМБД-ға қарасты имамдар, өзге дін өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, өңір дінтанушылары қатысты. 


Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Іс-шара қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын дәріптеу мақсатында Есік қалалық "Алтын адам" музеймен танысудан басталды.


Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Ары қарай ұлттық ойынды дәріптеу мақсатында "арқан тарту", "гір көтеру" секілді ойындарымен дін қызметкерлері өзара күш сынасты.


Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Сонымен қатар, дін өкілдері қоғамның бірлігі мен татулықты нығайту мақсатында конфессиялар мен ұлттар арасындағы конструктивті диалогті дамыту жолдары бойынша өздерінің ой-пікірімен бөлісіп, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті алға тарта отырып, облыстың дамуына қосатын үлестерінің маңызы зор екендігін жеткізді.

Шара қорытындысы бойынша: Діни бірлестіктердің өкілдері ұйымдастырушы тарапқа өздерінің алғысын білдіріп, алдағы уақытта қайта жалғасын табуға тілекші болды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды