Қазақстанда 1,5 мыңға жуық жаңа туған нәресте Ұлттық Олимпиада комитетінен сыйлықтар алды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті жыл сайын, 23 маусым - Халықаралық Олимпиада күнінде дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетеді.

Ұлттық Олимпиада комитеті дайындаған сыйлықтарды еліміздің барлық жаңа туған сәбиі алды. Биыл Олимпиада күні 1400-ден астам сәби дүниеге келген екен. Акцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам перзентхана қызметкерлері қатысты.

Олимпиадашылар үшін осы маңызды күні чемпиондар Серік Сәпиев, Мерей Ақшалов, Ольга Рыпакова, Елдос Сметов, Камшибек Кункабаев, Сакен Бибосынов, Абзал Ажгалиевтар еліміздің түпкір-түпкіріне аналар мен сәбилерге бейнебайланыс арқылы құттықтаулар жолдады.

"Сіздің сәбиіңіздің бұл өмірдегі жолы салтанатты болсын, баланың жолы тек үлкен жеңістер мен жоғары жетістіктерден тұрсын. Біз үлкен спорттағы, олимпиада марапаттарындағы және бүкіл әлемге танылудағы табыстың жоғары бағасын білеміз. Мұның бәріне қол жеткізуге болады!", - деп құттықтады Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Ольга Рыпакова.

"Сізді және сіздің сәбиіңізді Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтаймын! Олимпиада күніндегі символдық мәні бар бұл күн - дүние есігін ашқан сәбиіңізге  болашақта жеңімпаз атанудың мотивациясы өте жоғары" екенін айтып өтті, Абзал Әжғалиев сәбилердің ата-аналарына құттықтауында.

"Олимпиада күнінде туған" акция жас аналарға ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Ұлттық Олимпиадалық комитеті олардың сәбилері өз елінің лайықты азаматтары болады деп сенеді, ал кейбірі тарихта Олимпиада чемпиондары болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Төртінші жыл Олимпиада комитеті "Олимпиада күнінде туылған" акциясын өткізіп жатыр, Мен осы акция мен құттықтаулардың бір бөлшегі болғаныма өте қуаныштымын. Сәбилеріміздің аналарын құттықтаған кезде олардың қалай қуанатынын көру маған өте ыстық. Осы сәбилердің бірі Қазақстанның мақтанышына айналып, олимпиада медалін әкелетініне сенімдімін!" деп атап өтті өз сөзінде, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев.

Айта кетерлігі, бұл акция елімізде төрт жылдан бері өткізіліп келеді және бүкіл әлемде Халықаралық Олимпиада күнін өткізудің үлгісі болып саналады.

Акция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, ел өңірлерінен денсаулық сақтау басқармаларының және "Қазпошта АҚ"-тың белсенді қолдауымен өтті.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: