Бұл туралы Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов мәлімдеді. Оның айтуынша, қала бойынша барлығы 26 бағытта 187 автобус жолға шығады, сондай-ақ резервтегі автобустар және қала маңына қатынайтын 37 автобус тағы бар.
"Осыны ескере отырып, қоғамдық көліктің тозу деңгейі 70%-ды (7 жылдан асқандары - 132 автобус) құрайды", - деп атап өтті Шәкенов.
Сондай-ақ, Талдықорған қаласы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Н. Алтынбеков Zakon.kz порталына берген сұқбаты кезінде резервтегі автобустар мен қала маңына қатынайтын маршруттарды есепке алмған, осыған байланысты қаланың қоғамдық көлігінің тозу деңгейі туралы жаңсақ мәліметтер ұсынған.
Сурет: Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Осылайша, Талдықорған билігі ҚР ИИДМ басшысы Марат Қарабаевтың сөзін растап, нақтылады. 20 маусымда ол жеңілдетілген автонесиелеуден түскен қаражат қоғамдық көлікті несиелеуге бағытталатынын айтқан. Сол кезде министр Талдықорғандағы қоғамдық көліктердің тозу деңгейі 70% -ды құрайтынын атап өткен.