Қазақстандық әуе тасымалы: 2023 жылдың басынан бері қазақстандықтар қанша рет шағым жолдады

Әлеуметтік желіде кешіктірілген рейсттердің жолаушылары ұшуды күтіп, әуежайларда белгісіз уақытқа қалуға мәжбүр болғаны туралы бейнероликтерді жиі көреміз.

Биылғы жылдың басынан бері әуе тасымалдаушыларына қойылатын талаптар қатайтылды, бірақ оған қарамастан, шағымдар әлі де келіп жатыр.

Айта кетейік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес азаматтық авиация қызметін мемлекеттік реттеу, мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация болып табылады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметі бойынша 2023 жылдың алты айында 49 өтініш келіп түскен екен. Шағымдардың негізгі себептері: рейсттердің кешігуі және олардың тоқтауы, билетті сатып алудан және рейстен бас тартудан кейін қаражат қайтарылмады, бір билетті екі адамға сату және кешіктірілген рейстердің жолаушыларына тиісте жағдайды жасамау.

Сурет: akspic.ru

Бұл мәселелердің барлығы келесі тармақтарға сәйкес жұмысқа қабылданғанын атап өткен жөн: 8) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның 5-бабына сәйкес Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 10-нан астам тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында сотқа арыз бере алады.

2022 жылдың соңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлік және жер қойнауын пайдалану туралы заңға өзгертулер енгізуге қол қойды. 2023 жылдың басынан бастап әуе тасымалдаушыларына қойылатын талаптар қатайтылды. Енді олар жолаушыларға рейстің ұшуына байланысты өзгерістер мен оның себептері және ұшу уақыты туралы дер кезінде хабарлауы қажет. Ал егер жолаушылар рейсін әуе айлағында күтуге мәжбүр болса, онда авиатасымалдаушы жолаушыларға қызметтердің барлық тізімін ұсынуы керек.

"Шағымдардың көбісі Scat, AirAstana және BekAir авиакомпанияларына қатысты. Сонымен қатар, FlyАrystan компаниясына қатысты шағымдар көбейіп, басқа да шетелдік авиакомпанияларға қатысты шағымдар бар екенін айта кету керек. Бүгінгі күні Комитет BekAir АҚ 3428 сатып алынған билеттің жалпы сомасы 144,3 млн теңгеден асатын сомаға 7 қуыным жолданды", - деді Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды бақылау және қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы Жансая Дадын.

Комитеттің хабарлауынша қазіргі таңда сот орындаушыларының сот шешімдерін орындауы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

Айта кететін жайт, көлік және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, әуе компаниясының кінәсімен рейстер кешіктіріліп немесе тоқтатылған жағдайда жолаушыларды тамақпен, салқын және ыстық сусындармен, қонақүйде тұруды, сондай-ақ қонақ үйге және кері қайту үшін көлікпен қамтамасыз ету керек. Ал егер рейс 10 сағат және одан да көп уақытқа кешіктірілсе немесе жолаушының қалауы бойынша рейс тоқтатылса, келесі рейске қайта брондау (қызмет көрсетумен) немесе билет құны толығымен қайтарылады.

Егер авиатасымалдаушы бұл қызметтерді көрсетпесе, онда ӘҚБтК-нің 567-бабына сәйкес авиакомпаниялардың жолаушылар алдындағы жауапкершілігі қарастырылған.

Қазіргі таңда Комитет оннан астам тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты FlyArystan әуе компаниясына қуыным жолдауға бастамашылық етуде. Оған себеп FlyArystan компаниясына қайта-қайта түсетін өтініштер. Әдетте, жолаушылар әуе компаниясының кеңселеріне телефон соғу, әуежайлар арқылы жазбаша сұрау салу және әлеуметтік желілер сияқты өздеріне ыңғайлы байланыс түрлерін пайдаланады. Барлық шағым түсірушілер бір нәрсені талап етеді – олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және пайдаланылмаған әуе билеттері үшін қаражатты қайтару. Бірақ бұл шағымдарға әуе компаниясы елемей, қаражатты қайтармаған. Сондай-ақ тоқтатылған рейстерге сатып алынған билеттердің қаражаты төленбеген.

Сурет: akspic.ru

Жолаушының өтінішінен кейін авиакомпания келтірілген залалды өтеудің ерікті алгоритмін ұсыну керек. Егер күнтізбелік он күн ішінде жауап қайтарылмаса немесе авиакомпания бұзушылықтарды жоюдан бас тартса, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне немесе тұратын жері бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық департаментке жүгінуге құқылы. Департамент сотқа қуыным арызды дайындауға көмектеседі, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, сотқа үшінші тұлға ретінде қатыса алады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Үкімет жаңа редакциядағы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізген болатын.

"Бұл өзгерістердің басты жаңалығы - заң жобасы тұтынушылардың негізгі құқықтарын кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдармен интеграциялау болады. Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік институттардың жұмыстары күшейтіледі, бизнестің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі енгізіледі. Өз кезегінде бұл өзгерістер әуе тасымалы саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды айтарлықтай күшейтеді", - деп толықтырды Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Рамазан Бәренов.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: