Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, одан бөлек, кездесуде орман шаруашылығындағы жұмыстар, балық экспортын арттыру, жануарлар дүниесін қорғау, тұрмыстық қалдықтарды реттеу жайында айтылды. Жиыннан соң министр тұрғындардың мәселелеріне байланысты жеке қабылдау өткізді.
Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Одан әрі Ерлан Нұралыұлы БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізіп, Қызылорда облысындағы жұмыс сапары туралы толығырақ баяндап берді.
"Бүгінгі халықпен кездесуде баршамызды толғандырған экологиялық мәселелер жан-жақты талқыланды. Әсіресе қатты тұрмыстық қалдықтар мен "Байқоңыр" аумағындағы құрылыс қалдықтары экологияға едәуір зиян тигізуде. Осыған байланысты мемлекетаралық комиссия отырысында "2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы" әзірленген. Бүгінде осы жоба шеңберінде 12 мың текше метрден астам қалдық жойылды. Алдағы уақытта Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесіп, ауқымды инвестициялық жоба әзірленетін болады", - деді министр.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұдан бөлек, Нысанбаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Аралдың құрғаған табанындағы 1 млн 100 гектар жерді көгалдандыру жоспарланып отырғанын баса атап өтті.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы балық шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған еді. Осы бағдарлама бойынша балықты қолдан өсіруге арнайы субсидия қарастырылған. Бұл жұмыстардың нақты орындалуы министрліктің тікелей бақылауында", - деді ол.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өз кезегінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, сапарын қорытындылады.