Су бекеттеріндегі мәлімет бойынша, Жем өзенінде су деңгейі төмендеген, Жылыой ауданы мен Құлсары қаласын су басқан. Вице-премьер қорғаныс құрылыстары мен үйінді бөгеттерді аралап, тексерді. Сонымен қатар Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті. Ол су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары, қалпына келтіру жұмыстарының басталуы туралы айтты, сондай-ақ апат салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін өтемақы төлемдерінің алгоритімін түсіндірді, делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сурет: primeminister.kz
Мыңдаған қазақстандық Құлсары тұрғындарының қайғысына үн қосты. Гуманитарлық көмек тарату бекетінде бірнеше ондаған тонна азық-түлік, киім-кешек, жалпы тұтыну тауарлары жиналды.
Қанат Бозымбаев гуманитарлық көмек беру барысында ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды.