Таразда ардагер қария тұратын көпқабатты тұрғын үй алдында тазалық жұмыстары жүргізілді

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2024 жылдың 29 сәуірінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы шеңберінде Ұлы Отан соғысының ардагері Ережепбай Мүтәліптің үйінің кіреберіс жеріндегі қабырғаларды сырлау, ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Аталған игі шараға "Тұрғын үй жөндеу Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері, қаланың белсенді жастары, волонтерлар белсене ат салысты.     

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шара соңында Ұлы отан соғысының ардагері жастарға батасын беріп, алғысын жеткізді. 

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Таза Қазақстан" акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы шеңберінде қаламыздың жастары өз еріктерімен келіп тазалық жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, мұндай бастаманы жастарымыздың қолға алып, үйлестіріп отырғандарына шын жүректен қуаныштымын. Осы орайда, қаламыздың тұрғындарын "Таза Қазақстан" республикалық акциясына белсене қатысып, шаһар көркеюіне үлес қосуға шақырамын. Осы арқылы әрбіріміз қала тазалығын сақтап ғана қоймай, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлттық тәрбиеге баулиды", – деді қарт майдангер ағынан жарылып.

Жастардың өнегелі ісіне көпқабатты тұрғын үйдің өзге де тұрғындары дән риза.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті