Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай 2024 жылдың 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізілетінін ескертеді.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатын болады. Осыған байланысты, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз". Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін