Алматыдан сатып алынған халва зертханада тексерілді

Кәсіпкер халваны Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарына шығарар алдында өнімнің тұтынушылардың денсаулығына қауіпсіз екенін дәлелдеп, оған рұқсат алуы керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚ" ҚБ) Алматы қаласында тұтынушыларға сатылатын, халық тұтынатын тауарлардың 20-дан астам түрін зерттеді! Тұтынушылардың құқықтарын қорғап, азаматтарға қолдау көрсету мақсатында кешенді зерттеулер жүргізілді.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

2024 жылдың маусым айында тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілі Алматы базарларының бірінен таза салмағы 300 г болатын Өзбекстанның "Avvali Kokand Halva" шығыс десерті халвасын сатып алды.

Сурет: Жанна Биятан

Халва деп ұнтақталған май тұқымдарынан, көбіктендіргіш пен карамель массасынан тұратын кондитерлік өнім айтылады. Бұл шығыс тәттісі дайындалған шикізатына қарай жіктеледі. Ол күнбағыс, жержаңғақ, күнжіт, пісте, араласқан түрі болуы мүмкін.

Халваны Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығарар алдында кәсіпкер өнімнің тұтынушылардың денсаулығына қауіпсіз екенін дәлелдеп, оған рұқсат алуы керек.

Кешенді зерттеу үшін сатып алынған өнім Қазақстан Республикасы Дансаулық сақтау министрлігінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сараптама басқармасының "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМҚ филиалының аккредиттелген зертханасына ұсынылды.

Тұтынушының өнім туралы толық, сенімді және керек кезінде ақпарат алуға құқығы бар

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау арқылы нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ете аламыз. Тұтыну тауарларын мониторингілеумен және зерттеумен айналысатын қоғамдық ұйымдар әрбір азаматтың өнімдер мен олардың өндірушілері туралы толық және сенімді ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс істейді. Бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі зерттеулердің нәтижелерін жариялау арқылы тұтынушылардың өз құқықтарын жақсы түсінуге және олардың мүдделерін қорғауға көмектеседі. Осылайша, халықты хабардар ету жұмыстары ашық және қауіпсіз нарықты құруда шешуші рөл атқарады.

Зерттеу хаттамасына сәйкес, өнімнен төмендегідей кемшіліктер анықталды:

1. Бірыңғай Еуразиялық экономикалық одақтың (Еуразиялық сәйкестік – Eurasian Conformity) белгісі жоқ.

Осы бұзушылыққа байланысты ықтималдар: Еуразиялық экономикалық одақтың (Еуразиялық сәйкестік – Eurasian Conformity) белгісінсіз өнімнің құрамында зиянды заттар мен сақтау шарттарына қойылатын талаптарға сәйкестігіне кепілдік жоқ. Бұл денсаулыққа қауіп кері әсерін келтіріп, ағзада ұзақ уақыт бойына жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін.

Таңбалаудың болмауы өнімнің заңсыз өндірілгенін немесе жалған екенін көрсетеді, яғни бұл өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне сенімді азайтады деген сөз.

2. Мемлекеттік тілдегі мәліметтер: өнімнің атауы, саны, жасалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, өндірушінің атауы және орналасқан жері.

Бұл заңбұзушылық сонымен қатар Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағын бұзу болып табылады. Яғни бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – өнім туралы толық ақпарат берілген болып есептелмейді!

3. Өнімнің тағамдық құндылығына қатысты орыс және мемлекеттік тілдердегі ақпарат.

Осы бұзушылыққа байланысты қауіптер: затбелгіде тағамдық құндылығы туралы тұтынушы тілінде (Қазақстан Республикасында – қазақ және орыс тілінде) ақпараттың болмауы тұтынушыларға құрамында қоректік заттардың, аллергендер мен калорияның бар екенін түсінуін қиындатып, тұтынушының дұрыс тамақтануы мен денсаулығына ықтимал қауіпке жол ашады.

Бұл заңбұзушылықтардың барлығы қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға енгізген кәсіпкерге айыппұл салғызуда ғана емес, ең алдымен, хаттамалармен расталған зерттеулерді тарату арқылы біз тұтынушылардың денсаулығын ойлаймыз, ұлт пен тұтынушылардың қауіпсіз және сау өнімдерді тұтынуына құқықтары бар екенін түсіндіреміз.

Қанша жерден "халва" десең де, аузың дәм сезбейді! Азаматтарымыздың денсаулығын сақтау үшін мәселелерді айтып қана қоймай, олар шешімін табуда нақты қадамдар жасау маңызды.

Азық-түлік өнімдерінен бөлек, Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы азық-түлік емес тауарларды зерттеудің бастамашы болды. Мысалы, шығу тегі белгісіз әмбебап майлықтар токсикологиялық және органолептикалық көрсеткіштері бойынша қалыпты болып табылды, бірақ өнім мен өндірушінің атауы шет тілінде көрсетілген. Сондай-ақ өндірілген күні мен жарамдылық мерзімі, сериясы мен партия нөмірі көрсетілмеген, бұл өнімнің №348-НҚ "Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар" техникалық регламентіне сәйкес келмейтінін көрсетеді.

Зерттеу нәтижелері аталған фактілер бойынша тиісті органдарға шешім қабылдау үшін жіберілді.

Сурет: Жанна Биятан

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА КЕҢЕС:

"Қазақстан аумағына әкелінетін және сатылатын барлық азық-түлік өнімдерінің міндетті түрде таңбалануы болуы керек, өйткені бұл тұтынушы тауарды сатып алу кезінде кездесетін алғашқы ақпараттық блок және сол өнімге қатысты барлық негізгі ақпараттарды қамтиды" – деген Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының сарапшысы Жанна Биятан өнімнің таңбалануын мұқият зерделеуді ескертеді.

Ақпарат орыс тілінде және мемлекеттік тілдерде болуы керек.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі таратқан ақпарат, сондай-ақ, басқа да ақпарат жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас фактілерге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739, Instagram.

Қазақстан Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: