Түркістандағы дүкенде мерзімі өткен тұздық сатылған

Ағымдағы жылдың маусым айында Түркістан қаласындағы базарлардың бірінен тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының өкілі жасырын сатып алушы әдісімен салмағы 180 гр болатын "ащы Қытай бұрышы" соусының түпнұсқасын сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомтство тұздықтың өндірушісі "Камако плюс" ЖШС, Беларусь Республикасы екенін атап өтті. Сондай-ақ, тұтынушының талабы бойынша тауардың сәйкестігі туралы декларация, фискалдық чек берілмеген.

Сурет: Жанна Биятан

Кешенді зерттеу жүргізу үшін сатып алынған өнім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК аккредиттелген санитарлық-гигиеналық зерттеулер зертханасына тапсырылды.

Сынама алу кезінде жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімі табылды. Өндіруші көрсеткен өндіріс күні 30.05.2023 жыл, жарамдылық мерзімі 9 ай.

"Өнімді сатып алғанда мен өткен мерзіміне назар аудармадым. Бұл өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын анықтауға кешенді зерттеулер жүргізу үшін сатып алынды. Алайда, зерттеу нәтижелері жарамдылық мерзімінің біткенін көрсетті. Бұл жағдайда менің қауіпсіз өнімді сатып алу құқығым бұзылды. Сатушы көкөністерден жасалған және құрамында бірқатар бактериялық микроорганизмдер болуы мүмкін тұздықты сатты", – дейді Жанна Биятан.

Зерттеу материалдарының нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді.

Сурет: Жанна Биятан

Жарамдылық мерзімі өткен өнімді сатқан жағдайда тұтынушы не істеу керек?

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 30-бабы 1-1-тармағына сәйкес, сатушы (дайындаушы) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі өткен сатылған өнімді айырбастауға немесе қайтаруға болмаса сауда нүктесіне жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жүгінуге міндетті.

Жоспардан тыс тексеру жеке немесе заңды тұлғадан өтініш келіп түскенде, растайтын құжаттары болғанда ғана жүргізіледі. Фискалдық немесе тауарлық чек растайтын құжат болып табылады. Өтінішке объектінің мекенжайын, кәсіпкерлік субъектісінің атауын және т.б. көрсете отырып, өнімді сатып алғанын растайтын фото-бейне материалдарды немесе чектерді қоса бере отырып, бұзушылықтың нақты фактілерін қоса көрсету қажет.

Уақыты өтіп кеткен өнімді сатқан сатушыны не күтеді?

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мерзімі өткен өнімді сатқаны үшін сатушы мемлекет бюджетіне төмендегідей айыппұл төлейді:

Ескерту: 2024 жылы Қазақстанда АЕК 3692 теңгені құрайды.

Сатушыға дәлел ретінде тауар мен дүкеннің фото-бейнетүсірілімін қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

Әрбір азамат жарамдылық мерзімі өткен, контрафактілік, жалған, тауарлар контрабандасына қарсы күреске қатыса алады.

Тұтынушылар тауарлардың заңдылығын тексере алады және сатушыдан тек фискалдық, кассалық немесе тауарлық чекті ғана емес, сонымен қатар тауардың сәйкестігі туралы сертификатты/декларацияны талап ете алады.

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы 41-бабының 8 және 14-тармақтарына сәйкес, қоғамдық бірлестіктер бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылардың проблемалары мен құқықтары туралы ақпаратты зерттеуге және таратуға, сондай-ақ тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты таратуға құқылы. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ тарататын ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ықпал ету мақсатында жарияланады.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Қазақстан Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: