Жаңғақтарды сатып алмас бұрын нені тексеріп алуымыз керек

"Жаңғақтар тек дәмді тағам ғана емес, сонымен қатар аллергетиктер үшін белгілі бір қауіп тудыруы мүмкін өнім де. Тіпті қаптамадағы жаңғақтар сияқты қарапайым өнімдер, егер олар белгіленген стандарттарға сәйкес келмесе, қосымша қауіп төндіруі мүмкін.

Осындай жағдайларға назар аудара отырып, өз денсаулығыңызды қорғап, жағымсыз жайттардың алдын ала аласыз" деп түсіндіреді Жанна Биятан, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі осы жылдың маусым айында Көкшетау супермаркетінің бірінен Ресейден келген "Eco Foods" өндірушісінің салмағы 500 г. болатын аралас жаңғақтарын құпия сатып алушы әдісімен сатып алып, өнімнің қауіпсіздігіне әсер ететін бірнеше сәйкессіздіктерді анықтады.

Сурет: Жанна Биятан

Ынтымақтастық келісіміне сәйкес, сатып алынған өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011, "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011, "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" 005/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді тексеру жүргізу үшін табыс етілді. 05.07.2024 жылғы №RO-24-08766/275 зерттеу хаттамасына орай, заңнамалық актілердегі кейбір "нормалардан ауытқуларды" анықтады:

1. Жарамдылық мерзімі өткен: Жаңғақтар 27.10.2022 жылы шығарылып, жарамдылық мерзімін 12 ай (қаптамада көрсетілген) деп көрсеткен. Сатып алу кезінде өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Мұндай жаңғақтарды тұтыну олардың тағамдық сапасын, құнарлылығын төмендетеді және денсаулыққа, әсіресе сезімтал иммундық жүйесі бар адамдар үшін ықтимал қауіптерге соқтыруы мүмкін.

2. Қолдану бойынша ұсынымдар немесе шектеулер жоқ: тұтыну бойынша кеңестер (мысалы, тойып жеу), медициналық жағдайы бар адамдарға (мысалы, аллергия) ескертулер немесе өнімді басқа тағамдармен бірге тұтынуға қатысты кеңестер көрсетілмеген. Бұл ұсыныстар қауіпсіз тұтыну үшін маңызды саналады.

3. Тағамдық құндылығына қатысты көрсеткіштер берілмеген: Бұл диетаны қадағалайтын немесе ерекше диеталық қажеттіліктері бар адамдар үшін маңызды. Мұндай ақпаратсыз тұтынушылар қалай тұтынатынын толық бағалай алмайды.

4. Мемлекеттік тілде ақпарат жоқ: Кеден одағының 022/2011 техникалық регламентіне сәйкес, оралған/қаптамадағы тамақ өнімдерін таңбалау орыс және мемлекеттік тілде жазылуы тиіс. Бұл жағдайда қаптамада тек орыс тілінде ақпарат берілген, бұл жергілікті тұтынушылардың өнімді түсінуін және пайдалануын қиындатады. Бұл пайдалану нұсқаулығын дұрыс түсінбеуге және олардың денсаулығына ықтимал теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау мақсатында зерттеу материалдары мен олардың нәтижелері құзырлы органдарға жолданды.

"МОТҚҚҚ" ҚБ Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 41-бабы 8 және 14-тармақтарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылардың проблемалары мен құқықтары туралы ақпаратты зерттеуге және таратуға құқылы, сондай-ақ тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы жөніндегі зерттеулердің нәтижелеріне қатысты ақпаратты, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесетін өзге де ақпараттарды таратуға міндетті.

Құқыққорғаушы-сарапшы Жанна Биятанның оралған/қаптамадағы жаңғақтарды сатып алу және тұтыну кезінде тәуекелдерден қалай аулақ болу керектігі туралы ұсыныстары:

Сурет: Жанна Биятан

Жаңғақтардың балғындығына немесе қауіпсіздігіне күмәніңіз болса, оларды тастап, жаңа өніммен ауыстырған дұрыс. Сіздің денсаулығыңыз – ең бастысы, салдары болуы мүмкін мәселелермен бетпе-бет келгенше, олардың алдын алған дұрыс".

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан және басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Аталмыш фактіге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739. Instagram.

Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: