Қаптамада ақпараттың болмауы сатып алушыға қандай қауіп төндіреді

Дүкен сөресіндегі көптеген тәтті дәмнің арасынан, қауіпсіздік стандарттарына сай келмейтін тартымды өнімдерді жиі кездестіруге болады. Мәселен, осындай жағдайлардың бірі Көкшетаудағы Haseinuss-Pralinen-нің "GE NUSS MOMENT" шоколад кәмпиттерінен анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеу өткізу үшін салмағы 180 г. болатын сатып алынған өнім Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011, "Тағам өнімінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011, "Қаптама қауіпсіздігі туралы" 005/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігін анықтау үшін ынтымақтастық туралы шартқа сай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемологиялық бақылау комитетінің (ҚР ДСМ СЭБК) ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына тапсырылды.

Сурет: Жанна Биятан

05.07.24 ж. №РО-24-08772/281 зерттеулер хаттамасы бойынша келесідегідей заңнамаға сәйкессіздіктер табылды:

Ресми тілдердегі ақпараттың болмауы өнімді түсінуді және оны пайдалануды қиындатады, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғаутуралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сай бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып есептеледі.

Бұдан өзге қаптама материалы мен қажетті пиктограмма туралы ақпараттың болмауы: Қаптаманың белгілі бір материалдары құраммен реакцияға түсуі және әсіресе, дұрыс сақтамау кезінде жарамдылық мерзімі ұзақ кездері зиянды заттар бөлуі мүмкін. Қаптама материалын көрсетпей, қаптаманың қауіпсіздік стандарттарына сай келетін не келмейтінін және өнімге теріс ықпалы қаншалықты болатынын анықтау қиын.

Сурет: Жанна Биятан

ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 1-бабы 1-тармағы 282-тармақшасына сай: халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнім – техникалық регламенттерде, гигиеналық нормативтерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес деп танылған, оны қолдану немесе тұтыну кезінде адамның денсаулығына зиянды әсерге байланысты ықтималдың бар-жоғын куәландыратын өнімнің жай-күйі; өндірушінің (өнім берушінің) оның қадағалануын, қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ; таңбалануы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін; жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе өткен өнім; жалған өнім.

Тұтынушыларға арналған сарапшы-құқыққорғаушы Алия Алибекованың ұсыныстары:

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Қазақстан Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: