Атырау облысында зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі комиссия құрылды

Отырыс, Атырау облысы, зиянкестерге қарсы күрес, комиссия  , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2025 20:39 Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырау обаға қарсы күрес станциясының басшысы Лариса Нұрмағамбетова Атырау қаласына іргелес ауылдарда, сондай-ақ Махамбет ауданында тышқан тұқымдас кеміргіштердің көбеюі анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың алдын ала болжамына сәйкес, бұған күннің жылылығы мен кеміргіштердің қарқынды түрде көбеюіне қолайлы жағдай туғызған былтырғы су тасқыны себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Обаға қарсы станция ауланған зиянкестерде инфекциялық аурулардың бар-жоғын жүйелі тексеріп отыр, бүгінге дейінгі зертханалық талдаудың барлығы теріс нәтиже көрсеткен.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Зиянкестермен күрес және олардың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен комиссия құрылды. Оның құрамына обаға қарсы станция, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы басқармалары, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, Махамбет аудандық әкімдігі және дезинфекция ұйымдары кірді.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінде Махамбет ауданында екі мамандандырылған ұйым жұмыс істеп жатыр. Нұртаевтың тапсырмасымен "Ақжайық" табиғи резерватынан трактор бөлінді. Жайық өзенінің жағалауы 0,5–1 метр тереңдікте тазартылып, улау жұмыстары жүргізілуде. Зиянкестер ошағы анықталған ауылдар осы әдіспен толық өңделеді.

Кеміргіштермен күреске тағы төрт ұйым тартылмақ: оның екеуі — Атырауда, екеуі — Махамбет ауданында. Қала аумағындағы улау шаралары Жайық өзенінің екі жағалауында да — Береке және Қайыршақты ауылдық округтері маңында жүргізіледі.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жедел штабтың негізгі мақсаты — зиянкестер шоғырланған ошақтардың көзін жою, популяциясын азайту және таралуының толық алдын алу. Қауіпті сейілту үшін жұмысты дереу бастау керек. Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына өңірдегі ірі кәсіпорындарда дератизация жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырдық", - деді Қайрат Нұртаев. 

Мамандардың пайымынша, удың әсері 7–10 күнде байқалуы тиіс. Дератизацияда пайдаланылатын препараттардың адамдар мен үй жануарларына зияны жоқ және санитарлық нормаларға сай қолданылады.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: