Шымкентте обаға қарсы күрес станциясының басшысы сотталды

Шымкент обаға қарсы күрес станциясының басшысы сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2024 17:13 Сурет: видео скрині
Шымкент обаға қарсы күрес станциясының басшысы сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" РММ бастығы Р. Сайлаубекұлы, "Отырар обаға қарсы күрес бөлімшесінің" РММ филиал бастығы Г. Әбішова, сонымен қатар бас бухгалтері Ш. Зейілбекова мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, жалпы сомасы 48,4 млн теңге айыппұлға сотталды.

Олар жұмысқа орналасу үшін пара алғаны және бергені, сондай-ақ жалған іссапар шығындарын рәсімдеу жолымен 2 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: