Атырауда "құс еті қосылған" шұжықтан шошқаның ДНҚ-сы табылды

Қазіргі супермаркеттерде әсіресе, шұжықтардың түрінің көптігінен көз сүрінеді.

Шұжық өнімдерінің сегменті таңдаудың кең көлемін ұсынады: дәстүрлі пісіріліп-ысталған шұжықтардан – арнайы орамды шұжықтарға дейінгі түрі, олардың әрқайсысының құрамы мен дайындау әдістерінің өзіндік сипаттамалары бар.

Алайда, жақында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) жүргізген зерттеу көрсеткендей, қаптамадағы ақпарат әрқашан толық және сенімді бола бермейді, бұл Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сай, тұтынушылардың құқықтарын бұзады.

Осы жылдың маусым айында Атырау қаласындағы супермаркеттердің бірінен қоғамдық бірлестік өкілі жасырын сатып алушы әдісімен ресейлік өнім – ПКФ "ПИКАНТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығарған, құс етінен қайнатылып ысталып жасалған, салқындатылған "Гурман" орамын сатып алған.

Сурет: Жанна Биятан

Өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына Кеден одағының техникалық регламенттерінің, оның ішінде "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы", "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты", "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы", "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттерінің сақталуын тексеруге жіберілді.

Сурет: Жанна Биятан

Зерттеу нәтижелері бойынша, бірнеше елеулі сәйкессіздіктер анықталды (2024 жылдың 26 маусымындағы № 4 (РО-24-23581), 2024 жылдың 24 маусымындағы № 267, 2024 жылдың 28 маусымындағы № 253 (РО-24-23581) зерттеу хаттамалары). Оның негізгілері:

Адам құқықтары жөніндегі сарапшы Жанна Биятан тұтынушыларға арналған бірнеше кеңесін айтты:

"Заңнама өнімнің қаптамасындағы барлық ингредиенттерді дәл көрсетуді талап етеді. Толық ақпаратты бермеу – тұтынушылардың сатып алуға ниет еткен өнімдері туралы нақты ақпаратты алу құқығын бұзады. Өндірушілер өнім ингредиенттері туралы ақпаратты жасыру немесе оны мүлдем бермеу арқылы тұтынушыларды адастырып, дәрменсіздік пен сенімсіздік сезімін тудыруы мүмкін. Ең болмағанда таңбаламаны қарап шығу маңызды қадам болып табылады, жасырын ақпарат болуы мүмкін болғандықтан сатып алу кезінде сақтық танытқан жөн. Қаптамадан қандай да бір сәйкессіздікті немесе күмәнді мәліметтерді байқасаңыз, мұндай өнімді сатып алудан бас тартқаныңыз абзал".

Сондай-ақ бірқатар жалпы ұсынымдар да белгілі:

Кәсіпкерлер (өндірушілер) үшін жауапкершілік және ықтимал салдарлар

Белгіленген стандарттарды сақтамау өндірушілер үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Техникалық регламенттердің талаптарын сақтамаған сатушыларға (дайындаушыларға) тексерулер мен санкциялар қолданылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексіне сәйкес, техникалық регламенттердің талаптарын бұзу әкімшілік шараларға, оның ішінде айыппұл салуға және анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін өнімді өткізуге тыйым салуға әкеп соғуы мүмкін.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі орындады.

"МОТҚҚҚ" қоғамдық бірлестігі тарататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: