Астанада еліміздегі азаматтық қоғам және адам құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Еуропалық әлеуметтік-экономикалық комитет мүшелерінің қатысуымен Қазақстандағы азаматтық қоғам және адам құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде еуропалық әлеуметтік-экономикалық комитет мүшелерімен кездесу өтті.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов азаматтық қоғам дамуындағы жетістіктері мен Қазақстанның отбасылық және гендерлік саясатының негізгі бағыттарын сөз етті.

Евгений Кочетов азаматтық қоғаммен өзара байланыс бағытындағы оң бастамалар жөнінде атап өтті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтайды тілге тиек етті. Бұл – қоғамның ең беделді өкілдері кіретін бірегей консультативтік-кеңесші орган.

Кездесуде адам құқықтарын қорғауға арналған заңнамалық реформалар мен басқа да тетіктер талқыланды.

Жиында Сыртқы істер министрлігі мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері де баяндама оқыды.

Халықаралық сарапшылар қазақстандық әріптестерінің жұмысына жоғары баға берді.

Айта кетейік, Еуропалық әлеуметтік-экономикалық комитет – ЕО жанынан құрылған әртүрлі экономикалық және әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғайтын консультативтік орган.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады