"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ("МОТҚҚҚ" ҚБ) негізгі міндеттерінің бірі – қазақстандық дүкендер мен базарлар сөрелерінде сатылатын азық-түліктік қана емес, сонымен қатар халық тұтынатын басқа да тауарларға жүргізілген зерттеулер туралы ақпараттандыру арқылы азаматтардың қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау болып табылады. Бірлестіктің ақпараттық-түсіндіру қызметі тұрмыстық химия, үйге арналған заттар мен жеке гигиена құралдарын қоса алғанда, өнімдердің кең ауқымын қамтиды.
Ыдыс жууға арналған жуғыш заттар адамдардың көпшілігінің күнделікті өмірінде маңызды орын алады. Дегенмен, бұл өнімдердің қауіпсіздік және ақпараттық талаптарға сай болуы, әсіресе, таңбалама тұрғысынан маңызды, өйткені ол тұтынушыларды өнімнің құрамы мен дұрыс пайдалануы туралы ақпараттандыруда маңызды рөл атқарады.
Тауарлар, олардың сапасы, сондай-ақ олардың сатушылары (өндірушілері) туралы ақпарат алу үшін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі осы жылдың маусым айында Тараз қаласындағы дүкендердің бірінен көлемі 1000 мл ресейлік өндірістің лимон хош иісі бар "Magic Day" ыдыс жууға арналған затын сатып алды. Алдыңғы сатып алулар сияқты, бұл тауар да өнімнің қауіпсіздік стандарттарына, соның ішінде таңбаламаға сәйкестігін тексеруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының бөлігі ретінде "құпия сатып алушы" әдісін қолдану арқылы жүзеге асырылды.
Сурет: Жанна Биятан
Бұрын қол жеткізілген келісімге сәйкес, тауар Жамбыл облысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасы филиалына Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында қабылданған Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (БСЭГТ) сәйкестігіне кешенді сараптама жүргізуге жіберілді. 2024 жылдың 26 маусымындағы № РО-24-08166 зерттеу хаттамасы таңбалама талаптарының сақталмауын, атап айтқанда, мемлекеттік тілдегі ақпараттың жоқтығын көрсетті.
Осы жылдың қазан айында "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі Тараз дүкенінен CW – Чонгву (200 г) дәнді печеньесін кешенді тексеру үшін сатып алды. Зерттеу хаттамасында (2024 жылдың 10 қазанындағы РO-24-13616) бұл сынама өнімнің осы түрі үшін белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді, бірақ ол таңбаламасы арқылы "бізді ренжітті": "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" техникалық регламенті (барлық мәліметтер шет тілінде көрсетілген, орыс және мемлекеттік тілдердегі мәліметтер мүлдем жоқ, бұдан бөлек ЕАС белгісі және қаптама материалында оның тамақ өнімдерімен жанасу мақсатына қатысты мәліметтер көрсетілмеген) талаптарына сәйкес келмейді.
Сурет: Жанна Биятан
"МОТҚҚҚ" ҚБ негізгі міндеті – бұзушылықтарды іздеу емес, анықталған сәйкессіздіктер бойынша тұтынушыларға ұсынымдар беру. Кез келген сәйкессіздік, мейлі ол ақпараттың жетіспеушілігі немесе сенімсіз ақпарат болсын, өнімді таңдау кезінде мұқияттылыққа шақыратын белгі болуы мүмкін.
Біз сізге осындай жағдайларда әрекет етуге көмектесетін бірнеше кеңестер дайындадық:
- Қаптамадағы ақпаратты тексеріңіз. Бір қарағанда бәрі көрсетілгендей көрінсе де, құрамы мен пайдалану нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз. Өнім Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғаутуралы" заңының және БСЭГТ талаптарына сәйкес болуы, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты қамтуы керек.
- Сатушыға сұрақ қоюдан тартынбаңыз. Қаптамадан қажетті ақпаратты таппасаңыз, сатушыдан сұраңыз. Өнім туралы толық ақпарат алуға құқығыңыз бар.
- Түбіртектерді сақтаңыз. Бұл қарапайым, бірақ маңызды қадам, әсіресе, өнімнің сапасына қатысты шағымдар түсіретін жағдайда қажет болады. Түбіртек сатып алуды растайды және тауарды қайтару немесе шағым беру процедурасын жеңілдетеді.
- Құқыққорғаушыларға хабарласыңыз. Егер сіз сәйкессіздіктерді тапсаңыз немесе өнімнің қауіпсіздігіне күмәндансаңыз, жергілікті тұтынушыларды қорғау ұйымына хабарласуыңызға болады. Олар жағдайды түсінуге көмектеседі және пайдалы ұсынымдар береді.
- Өнімдерді сақтықпен пайдаланыңыз. Өнімнің сапасына күмәніңіз болса, барлық егжей-тегжейлер нақтыланғанша оны пайдаланудан бас тартқан жөн. Бұл, әсіресе, тұрмыстық химияға қатысты, онда стандарттарды бұзу бірден байқалмайды, бірақ денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін.
Сауаттылық – қауіпсіздіктің кілті
"Маңызды аспект ақпараттың қолжетімділігі ғана емес, сонымен қатар оның сенімділігі мен уақыттылылығы болып табылады. Тұрмыстық химия, азық-түлік өнімдері сияқты тұтынушылардан ерекше назар аударуды талап етеді. Ақпараттың толық болмауы өнімді дұрыс пайдалануды қиындатып, денсаулыққа зиянды қауіп төндіруі мүмкін". Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Алия Алибекова
"МОТҚҚҚ" ҚБ азаматтарға өз құқықтарын білуге және тауарларды сатып алу кезінде неғұрлым саналы таңдау жасауға көмектесетін ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыруда.
Материалды "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған. ҚР Заңына сәйкес, "МОТҚҚҚ" ҚБ тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы, сондай-ақ жарнама болып табылмайтын, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал ететін өзге де ақпараттарды таратуға құқылы.
Егер сіз осындай бұзушылықтары бар өнімді сатып алсаңыз, 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.