Әлеуметтік жоба аясында мамандар еліміздің түкпір-түкпірінен халық тұтынатын тауарларды – азық-түліктен бастап, азық-түліктік емес тауарларға дейін сатып алып, қазақстандық тұтынушылардың құқығын қорғап, өнім қауіпсіздігінің маңызды мәселелерін көтерді.
Әрбір сатып алу өнімнің қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін бағалау үшін аккредиттелген зертханаларда бірқатар сынақтардан өтті.
Көптеген сатып алушылар отбасылық рационның негізі ретінде тауық еті мен ұн сияқты тағамдарды таңдайды. Тауық сирағы мен бірінші сұрыпты балапан еті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне енбегенімен, олардың рациондағы және күнделікті тұтынудағы маңызы айқын. Бұл өнімдерді көптеген отбасылар үшін әлеуметтік маңызды деп санауға болады, өйткені олар ақуыздың және басқа да маңызды заттардың қолжетімді көзі болып табылады.
Сурет: Жанна Биятан
Қызылордада қазан айында құқыққорғаушылар сатып алған тауарлар тізімінде бірінші сортты "МАКФА" нан пісіретін ұны, "Qualiko" тауық сирағы мен бірінші сортты бройлер балапанның мұздатылған ұшасы болды. Аталған тауарлар Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалына тексеруге жіберілді. Зерттеу нәтижелері бойынша тек ұн ғана нормалар мен стандарттарға сәйкес тексеруден сәтті өтті. Басқа өнімдерде қандай мәселелер болғанын және мұндай таныс өнімдерді тексеру неге маңызды екенін егжей-тегжейлі қарастырайық.
Сурет: Жанна Биятан
Тауық сирағы мен балапан ұшасы сияқты тоңазытылған тағамдар өздерінің қолжетімділігімен және оңай дайындалуымен көпшілікті баурап алады. Бірақ, тіпті, мұндай өнімдер, олардың танымалдығы мен тез пісіру әдісіне қарамастан, қаптамадағы ақпаратқа назар аударуды талап етеді. Сатып алушылардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін таңбалама өнімнің құрамы, жарамдылық мерзімі, пайдалану шарттары туралы ақпаратты, сондай-ақ, оны қандай мақсаттарда қолдануға болатыны туралы нақты нұсқауларды қамтуы керек.
Адам құқықтары жөніндегі сарапшы Алия Алибекова түсіндіргендей, "қаптамадағы ақпарат сатып алушының өніммен танысуына көмектесетін негізгі дереккөз болып табылады. Бұл өнімнің сіздің отбасыңыз үшін жарамдылығын бағалауға, сондай-ақ дұрыс сақтамау немесе пайдаланумен байланысты ықтимал қауіптерді болдырмауға мүмкіндік береді".
Мысалы, Qualiko
тауық сирақтарының қаптамасында өнімді пайдалану бойынша ұсынымдар
мен шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері, өнімнің құрамында ГМО компоненттерінің
бар-жоғы, ЕАС белгісі сияқты маңызды ақпарат қазақ және орыс тілдеріндегі
нұсқаулықтарда көрсетілмеген. Өнімнің атауы, құрамы, сақтау шарттары туралы
мемлекеттік тілде мәлімет жоқ. Ақпараттың толықтығы тұтынушыларға өнімнің қауіпсіз және олардың рационына жарамды екенін түсінуге көмектеседі.
Тауық етінің сирағы мен балапан ұшсының ылғалдылығы рұқсат
етілген нормадан асып кеткен (4% дейін қалыпты, ал
мұнда 4,587%), бұл сақтау шарттарының
бұзылуын көрсетуі мүмкін. Артық ылғалдылық, әсіресе, ұзақ сақтау кезінде
өнімнің сапасына әсер етуі мүмкін.
Сурет: Жанна Биятан
Қауіпсіз өнімді таңдау және қауіптерді азайту үшін Алия Алибекова:
1. Таңбаламаға және EAC белгісінің болуына назар аударыңыз. Егер сіз қазақ немесе орыс тіліндегі ақпараты жоқ өнімді көрсеңіз, қажетті мәліметтерді сатушыдан біліңіз. «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1008034 заңына сәйкес, импорттаушылар екі тілде де ақпаратты көрсетуге міндетті, ал таңбаламаның болмауы өнімнің қауіпсіздік талаптарын бұза отырып әкелінгенін білдіруі мүмкін.
2. Қаптаманың бүтіндігін және жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Ылғалдылықтың ауытқуы әрқашан төмен сапалы өнімнің белгісі емес, бірақ зақымдалған қаптама және нашар сақтау шарттары бұзылуға әкелуі мүмкін. Сатушыдан тауарды сақтау шарттарын және олардың сату орнында сақталатынын білуден тартынбаңыз.
3. Сақтау бойынша ұсынымдар мен құрамын оқу – денсаулықты күту әдеті сияқты. Есіңізде болсын, уақыт пен ақшаны үнемдегенде ең бастысы – денсаулығыңызды ұмытпау керек.
Сатып алулар негізінде қоғам белсенділері таңбалама мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін өнімдер тұтынушылар үшін денсаулық және ыңғайлылық тұрғысынан ең қолайлы таңдау болып қала береді деген қорытындыға келді.
"Өндірушілердің барлық ережелерді сақтауы тек заң талаптары ғана емес, сонымен қатар тұтынушыға деген құрмет. Бұл денсаулыққа қауіп төндірмеуге және нарықтағы өнімге деген сенімді арттыруға көмектеседі", – деп түйіндейді Алия Расбекқызы.
Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық – қаптамадағы ақпаратқа мұқият назар аудару және өнімнің құрамын бағалау сияқты қарапайым қадамдардан басталатынын еске салады.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болады.