Орталық референдум комиссиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

Сурет: ҚР Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметі
Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының қажеттіліктерді бағалау жөніндегі өкілдерімен - ЕҚЫҰ ДИАҚБ Сайлау департаменті басшысының орынбасары Улви Ахундлу және ДИАҚБ сайлау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Елена Ковалевамен кездесті.

Мұхтар Ерман 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумды дайындау мен өткізу жұмыстарының барысы туралы ақпарат берді. Референдум учаскелері инфрақұрылымың өзектендіру жұмыстары аяқталды.

Референдумда дауыс беру құқығы бар 12 416 759 азамат тізімдерге енгізілді. Азаматтардың тізімдерге енгізілгенін тексеру бойынша ақпараттық сервистердің жұмыс істеуі ұйымдастырылады. Дәстүр бойынша дауыс беру күні екі онлайн-сервис жұмыс істейді: азаматтардың дауыс берушілер тізімінде бар-жоғын тексеру және дауыс беру күні уақытша тіркеу бойынша.

Азаматтарды референдум өткізу барысы туралы барлық коммуникация арналарын пайдалана отырып, соның ішінде дауыс берушілерге QR коды арқылы референдум туралы толық ақпарат қамтылған жеке шақыру билеттерін табыстау арқылы кең ауқымды ақпараттандыру жүргізілуде.

Сурет: ҚР Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметі

Орталық референдум комиссиясы референдумды өткізу кезінде азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың электоралды құқықтарын жүзеге асыруына жағдай жасауға баса назар аударады.

Сонымен қатар, референдум учаскелерінде аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметі үшін заңнамада көзделген жағдайлар жасалуда.

ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының өкілдері республикалық референдумды байқау миссиясын жүзеге асыру перспективаларын атап өтті.

Кездесу барысында ОРК төрағасының орынбасары ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерінің республикалық референдумды өткізу мен дайындық жұмыстарына қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды