"Аралтұз" АҚ зауытының ұжымы жаңа Конституцияны қолдайды

Сурет: "Аралтұз" АҚ
Ғасырлық тарихы бар, бүгінде мыңнан астам адам еңбек ететін "Аралтұз" АҚ ұжымы жаңа конституцияны қолдайтынын мәлімдеді.

Зауыт директорының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары Ғани Сисекешов мемлекетіміздің болашағы мен дамуы баршаға ортақ құндылық екенін атап өтті.

"Арал өңірінде көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан бір ғасырлық тарихы бар жауапты әлеуметтік компаниямыз. Елдің болашағы барлығымыздың жауапкершілігімізден тұратынын түсінеміз. Референдумға қатысу бұл - жай ғана рәсім емес, бұл - азаматтық кемелдік пен жауапкершілік көрінісі. Бұл - Қазақстанның тұрақтылық пен өркендеуіне қосатын үлес. Әділетті Қазақстан - халық тілегі. Бұл - біздің болашағымыз. Жаңа конституцияны қолдаймыз", - деді ол.

Зауыт директорының орынбасары Бержан Рысмамбетов "Аралтұз" жүз жыл бойында елмен бірге даму барысында түрлі кезеңдерден өткенін жеткізді. Оның айтуынша, күрделі уақыттардан сенімді өрлеуге дейінгі әр кезеңде компания тұрақтылығының негізі - заң үстемдігі, тәртіп және болашақ алдындағы ортақ жауапкершілік болған.

"Бүгін біз Республикалық Референдумды қолдаймыз. Конституция мемлекеттің берік іргетасы, бұл - әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Бұл - әділетті қоғам мен тұрақты дамудың негізі", - дейді Бержан Рысмамбетов.

Зауыттың Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қызметінің аға инженері Гаухар Рысмаханова алдағы референдум ел тарихындағы елеулі оқиға екенін жеткізді.


"Біз "Аралтұз" ұжымы 15 наурызда өткізілетін республикалық референдумды әрбір азаматтың тарихи таңдауы және ел тағдырына тікелей әсер ететін маңызды кезең деп есептейміз", - дейді ол.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды