Қазақстанда тағы бір университет жабылды

Сурет: Zakon.kz
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тексеру жүргізіп, Орталық Қазақстан академиясынан көптеген заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, Орталық Қазақстан академиясында сабақтар толық көлемде жүргізілмеді, оқытушылар қойылған талаптарға сәйкес келмеді. Атап айтқанда оқытушылардың білімі мен ғылыми дәрежесі оқытылатын пәндерге сәйкес келмеді. Оқу процесі практикалық оқытушылармен, қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілмеді.

Сонымен қатар университетте сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі болмаған. Соның салдарынан білім бөлімінің қорытындысы бойынша академияның кадрларды даярлаудың алты бағытының студенттері шекті балл жинай алмаған. Одан бөлек, тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті пәндерді қайта тапсыруда бұзушылықтар анықталды. Аралық бақылауды тапсыру кезінде университет прокторинг жүйесін қолданбаған, – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.

Сонымен қатар жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларының рейтингін талдау Орталық Қазақстан академиясының оқу бағдарламаларының басым бөлігі жаңартылмағанын және еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысына сай келмейтінін көрсетті. Сол себепті мамандықтың көпшілігі студенттер арасында сұранысқа ие болмай, тек 1-ден 5 адамға дейін ғана оқыды.

Апелляциялық құқықты пайдалана отырып, университет сот органдарына жүгінді. Бірінші сатыдағы соттар академияның талаптарын қанағаттандырусыз қалдырып, комитеттің шешімдерін заңды деп таныды.

Айта кетейік, ЖОО қызметінің ережесіне сәйкес студенттер университет лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе қайтарып алынған сәттен бастап оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ға ауысуға құқылы.

Дипломның жарамсыздығына байланысты қиындықтарды болдырмау үшін студенттер қазірден бастап басқа ЖОО-ға ауыса алады. Оқытудың бірқатар бағыты бойынша кейбір студенттер қысқы сессия кезінде басқа университеттерге ауысты.Эльвира Сапарбекова
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды