Мектептерде оқу жылы аяқталып жатыр, енді «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы өтеді, сондай-ақ алда аттестаттар табыстау рәсімі бар. Біз осы іс-шараларды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылдап, білім басқармаларына жібердік, - деді Білім министрі.
Министр кейбір мектептерде әуеге шар ұшыру дәстүрі бар екенін еске алды.
Бұл қоршаған ортаға, экологияға зиян келтіретінін түсіну керек. Балалар бұл туралы білуі керек, оны оқушыларға айтып, түсіндіру маңызды. Білім беру ұйымдары басшыларының назарын осы мәселе аударамын, - деді Аймағамбетов.