Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың оқу жүктемесін белгіледі

Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрлігі "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта мазмұнға қойылатын талаптар, оқу жүктемесінің шекті көлемі, білім алушылардың дайындық деңгейі және оқу ұзақтығы қарастырылған.

Негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 30 сағаттан, 6-сыныпта – 30 сағаттан, 7-сыныпта – 33 сағаттан, 8-сыныпта – 34 сағаттан, 9-сыныпта – 35 сағаттан аспауы тиіс.

Сондай-ақ оқушыларды топқа бөліп оқыту мәселесі де қаралған.

Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:

Білім беру ұйымдарында сыныптардағы білім алушылар саны қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.

Құжатта сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізілетіні жазылған.

Құжатпен АшықНҚА сайтында 14 қыркүйекке дейін танысуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты