Ақтөбеде сегіз орта мектепке "бомба" қойылғаны хабарланды

Сурет: pexels
Осымен бір аптаның ішінде мектептен екінші рет полицейлер жарылғыш құрылғыны іздеді. Бұл жолы сегіз мектеп назарға ілікті. Жүздеген оқушы эвакуацияланды. Полицейлер қаскөйді анықтауға барын салып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбеде таңертең №2 орта мектептің оқушылары жаппай эвакуацияланды. Осымен бір аптаның ішінде бұл мектепте екінші рет полицейлер жарылғыш құрылғыны іздеді. Жайсыз хабарды естіген ата-аналар да зәрі құты қалмай осында жеткен, деп хабарлайды Astana.tv.

Бұл жерде қиындық тудыратын жағдай электрондық почтаға келген хабарлама. Өзінің жалған поштадан келеді. Сондықтан азаматтарды табу қиындыққа соқтырып тұр. Жедел ақпараттар бар қазір сол бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов

Тексеруден кейін оқушыларға өз сыныптарына оралуға рұқсат етілді. Оқу процесінің бұзылуына байланысты балалар қосымша жүктемемен оқуға мәжбүр.

Сабақтар одан әрі жалғаса береді. Өтпей қалған, болмай қалған сабақ болса, егер ондағы тақырып жаңа болса, мұғалімдер оны арасында қосымша түсіндіреді. Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева

Алматы облысында соңғы кездері телефон терроризмі өршіп тұр. Жақында белгісіз біреу полицияға қоңырау шалып, Өтеген батыр ауылындағы мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлады.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция ғимаратты тексеріп шықты, бақытымызға қарай, ақпарат расталмады. Тәртіп сақшылары мұндай ойын мемлекетке миллиондаған шығын әкелетінін еске салады, сол себепті телефон террористері бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды