Сүйінші хабар! Тарихшылар Бұрындық ханның хаттарын тауып алды

Ғалымдар шетелдік мұрағатты ақтарып, Қазақ хандығының көне картасы мен Бұрындық ханның хаттарын елге әкелді. Араб қаріптермен жазылған бұл жәдігерлер қазір Ұлттық мұрағат қорына тапсырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық мұрағат қорына жыл басынан бері барлығы 7 мыңнан аса тарихи-бағалы құжаттар жеткізілген. Табылған жәдігерлердің ең көнесі 973 жылы пайдаланылған. Қазір бұл жұмыстармен ғалымдар мен аудармашылар айналасып жатыр. Бұрындық ханның хаттарын да мамандар майшаммен тексеруде. Тарихшылардың айтуынша, бұл деректер тарихымызды айқындап, тәуелсіздікті тұғырлы етеді. Олар жәдігерлердің жұмбағын шешкен бойда, көпшілікке бұл жайын хабарлайды. Тарихы тереңде жатқан құжаттардың бір бөлігі бүгін "Архив – ел тарихының қазынасы" конференциясында көрсетілді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Сол қор арқылы біз болашақта оны ғылыми айналуға енгізу, зерттеу, жұмыстарын бастайтын боламыз. Ол бірінші кезекте цифрландырылады. Сонымен бірге арнайы база болады. Сонда ғалымдар оны қашықтан оқып, қашықтан зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Бізде жыл аяғына дейін жалғасады. Бізде қазір 25 мемлекетке барып қайтты. Оның ішінде ТМД елдері, және біздің негізгі құжаттар Ресей, Еуропа архивтерінде жатыр.ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитет төрағасы Қуат Бораш
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: