Қазақстанда мұғалімдер 2023 жылдан бастап сабаққа оқулықтар мен оқу құралдарын таңдай алады

Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы бұйрығымен мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенін іріктеу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді іріктеу үшін баспалар жыл сайын Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығына (БМСҒПО) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің (ӘӘК) кіріспе (демо) нұсқасын беруі көзделіп отыр.

Өз кезегінде Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығы оқулықтардың демо-нұсқаларын мұғалімдер танысуы үшін өз веб-сайтында орналастырады.

Сонымен қатар жыл сайын наурыз-сәуір аралығында білім бөлімдері мұғалімдерге, ата-аналарға және мектеп оқушыларына арналған оқулықтардың көрмелерін өткізеді.

Қағидаларға сәйкес оқулықтар мен оқу құралдарын таңдау, оның ішінде электрондық нысанда олар Тізбеге енгізілгеннен кейін бір рет жүзеге асырылады. Одан кейін таңдалған оқулықтар (атауы, баспалары, авторлары) өзгертілмейді. Бір пән бойынша білім беруді ұйымдастырудың параллельді сабақтарында бірдей оқулық пен оқу-әдістемелік кешен қолданылады.

Әрі қарай мектеп кітапханашысы 25 сәуірге дейін оқушылар санына сәйкес қажет оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге тапсырыс береді.

1 мамырға дейін білім бөлімінің жауапты маманы алдағы оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге өтінімнің толтырылуының толықтығын тексереді, білім беру ұйымдарының контекстінде келіседі және облыстық білім басқармасына, Астана, Алматы және Шымкент қалаларына жолдайды; білім алушылардың контингенті мен қаржыландыру көлемін ескере отырып, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электронды түрде сатып алуға түпкілікті өтінімді қалыптастырады.

Бұйрық 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты