Тараздағы университет қызметкерлері жалақысы 50% азайғанын айтып, бас көтерді

Сурет: Zakon.kz
Дулати атындағы Тараз өңірі университетінің шаруашылық бөлімінде істейтін қызметкерлері наразылық білдірді, олардың жалақысы екі есе қысқарып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың айтуынша, осы айда бәрінің жалақысы 15-тен 50 пайызға дейін қысқарып кеткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"140 мың айлық алатынмын. Кеше 76 мың алдым. Мынаның бәрі айтқысы келеді. Ертең жұмыстан шығарып жібере ме деп қорқады. Айтпаған да. Өлеміз бе?! 76 мыңмен қалай өмір сүреміз? Үйде жұмыс істейтін бір-ақ адам". Ағаш ұстасы Тәттібек Ахметов

Басшылықтың сөзінше, мәселе айлықты қайта есептеуден туған. Былтыр негізгі жалақыға үстемеақы берілген екен. Ол биыл тоқтатылыпты. Еңбекақының қысқаруына сол себеп болған, бірақ шу шыққан соң дереу бәрімен бұрынғыша есептесетін болыпты.

"Негізгі жалақыларын алды, қосымшасы қазір кетеді. Бүгін бірден жібере саламыз. Барлығы есептеліп қойды. Алады, ол жерде ешқандай проблема жоқ". М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірі университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов

Тараз өңірі университеті бұл аймақтағы ең ірі оқу орны – 15 мыңға жуық студент білім алады.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды