Қазақстан балабақшаларында неліктен тәрбиешілер жетіспейді

Сурет: Zakon.kz
Мектепке дейінгі ұйымдарға тәрбиешілерді алу қиынырақ. Себебі онда орта білім берудегідей бәсеке қалыптаспаған. Оқу-ағарту министрлігі балабақшалардағы кадр тапшылығының басты себебін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде Оқу-ағарту министрлігі педагогтарды мектепке дейінгі білім беру саласына қалай тартуға болады деген сауалдарды қойып отыр. Төмен жалақы - кадр тапшылығының басты себебі.

"Бүгінде орта білім беру жүйесінде қалыптасқан бәсекелес орта дәл мектепке дейінгі білім беруде дамымай отыр. Әдетте, жекеменшік мектепке мұғалімдерді тарту үшін құрылтайшылар қолайлы жағдай жасайды, соның ішінде жалақыны көбейтеді. Мұндай бәсекеге қабілетті орта мектепке дейінгі ұйымдарда жоқ. Сондықтан мұнда жеке сектор дамып келе жатқандықтан, кадр тапшылығы да жоғары. Біз бұл мәселемен айналысамыз".Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева

Енді Оқу-ағарту министрлігі білім беру қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен көтереміз деп отыр. Бұл мәселе Қаржы министрлігімен бірлесіп пысықталып жатыр. Дегенмен жалақыдан бөлек, Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, кәсіптік бағдар жұмысын күшейту – мектепке дейінгі білім беру мамандарын дайындайтын оқу орындарымен жұмыс істеу, үздік мектепке дейінгі ұйымдар базасында тәжірибені белсенді түрде қалыптастыру қажет.

"Әрине, балалармен жұмыс істеу өте қиын. Бұл үлкен моральдық шығынды, мұғалімнен үлкен еңбекқорлықты талап етеді. Өзін-өзі тәрбиелеуге көп уақыт бөлу керек. Жалпы педагогикалық жұмыс өте қиын. Сонымен қатар бұл - үлкен моральдық негізі бар жұмыс. Сондықтан бұл кәсіпке саналы түрде келгендердің материалдық емес, басқа ынталандырулары бар.Наталья Жұмаділдаева

Оның айтуынша, бүгінде елімізде 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бұған балабақшалар ғана емес, білім беретін шағын орталықтар да кіреді. Оларға 1 миллионнан астам бала барады. Бұл ұйымдардың 70%-ы қазақша, ал 30%-ы аралас оқытады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті