Кәсіпкерлер палатасы: Маңғыстау кәсіпкерлері зардап шеккен бизнес туралы жалған мәлімет берген

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "қаңтар оқиғасы" кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің фактілерінің дұрыс-бұрыстығын тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таратқан дерекке сәйкес, 2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің тоғыз өңірінде 2065 объектіде орналасқан 1763 кәсіпкер зардап шеккен, оның басым бөлігі Алматыда: 1904 объектіде орналасқан 1618 субъект.

Бұған дейін Павлодар және Маңғыстау облыстарында кәсіпкерлердің объектілері зардап шекті деген мәлімет тіркелген еді, алайда фактілер расталмады. Олар зардап шеккен бизнес тізімінен шығарылды.Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Бүліктен келген шығын сомасы шамамен 94,4 млрд теңге. Оның ішінде Алматыда 92,4 млрд теңге.

Зардап шеккен бизнес субъектілерінің салалары: сауда – 1602; қоғамдық тамақтану – 52; қаржы секторы – 77; логистика – 27; БАҚ – 5.

Бүгінге дейін Call-орталыққа барлығы 7053 қоңырау түскен. Олардың басым бөлігі тонау фактісі бойынша (2198), форс-мажор туралы куәлік бойынша (370).

Естеріңізге сала кетейік, зардап шеккен кәсіпкерлер Алматы кәсіпкерлерінің бастамасымен құрылған "Күш бірлікте" қорының көмегін ала алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты