44 газ құю стансаларына қатысты өзара сөз байласу фактісі анықталды

Сурет: Zakon.kz
Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі 44 газ құю стансаларының әрекеттерінен өзара келісілген сөз байласу болғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 193 бөлшек автомобильге газ құю станциясына қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, оның 89-ы Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізіледі, делінген агенттік хабарламасында.

Бас прокуратураның тексеруі шеңберінде Агенттік 44 нарық субъектісінің әрекеттерінде келісілген әрекет және картельдік сөз байласуды ұйымдастыру фактілерін анықтады. БҚДА баспасөз қызметі

Сондай-ақ қазіргі кезде прокуратура органдарының ұсыныстары негізінде Ақмола, Қызылорда және Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы бойынша аумақтық монополияға қарсы департаменттер 32 нарық субъектісіне қатысты әкімшілік істер қозғады, материалдар сотқа жіберілді.

Солтүстік Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан бойынша аумақтық монополияға қарсы департаменттер 7 нарық субъектісі бойынша материалдарды қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қарау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жіберді. Атырау облысында 2 нарық субъектісі бойынша таяу арада әкімшілік істер қозғалатын болады. БҚДА баспасөз қызметі

Сонымен қатар, прокуратура органдарынан қадағалау актілері келіп түскен жағдайда, басқа тергеп-тексерулер бойынша әкімшілік істер қозғалады.

Қалған нарық субъектілері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілерін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі