QAZAQ AIR Ресейге қатынайтын рейстерді тоқтатты

Сурет: pixabay
12 наурызда QAZAQ AIR Новосибирскіге қатынайтын рейсті тоқтатты. Билеттердің ақысы кері қайтарылады, ол үшін жолаушылар сатып алу орындарына хабарласу керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

QAZAQ AIR сақтандыру ұйымынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігіне қатысты сақтандыру төлемін ұсынбайтыны туралы хабарлама алды.

Осыған байланысты авиакомпания сақтандыру төлемі туралы мәселе шешілгенге дейін Ресейге ұшуларды тоқтатады. 12 наурызда Новосибирскіге қатынайтын рейс тоқтатылды.

Билеттердің ақысы толықтай қайтарылады, ол үшін жолаушылар сатып алу орны бойынша рәсім жасауға болады.

Егер билет flyqazaq.com сайтында сатып алынған болса, info@flyqazaq.com мекенжайына хабарласып, брондау нөмірін (6 таңбадан тұрады) жіберуіңіз керек. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, онда сіз сатып алу орнына хабарласуыңыз керек.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін